Департамент қызметкерлері құқықтық насихатты жетілдіру бойынша әдістемелік ұсыныстармен танысты

Департамент қызметкерлері құқықтық насихатты жетілдіру бойынша әдістемелік ұсыныстармен танысты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте бас маман Марат Жусупов сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін негізгі факторларды: салалық заңдардың жаңармауы, мемлекеттік басқарудың ашықтығының жеткіліксіздігі, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде лауазымды адамдардың халықпен тікелей байланысы, халықтың және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетінің төмен деңгейі, азаматтардың мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы моделін қалыптастыру бойынша кешенді және мақсатты ақпараттық жұмыстың болмауынан екенін айтып өтті.

– Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 3-тармағын орындау мақсатында Әділет министрлігі азаматтар мен кәсіпкерлерді қолданыстағы құқықтық актілерді түсіндіре отырып, олардың құқықтары туралы нақты хабардар етуді қамтамасыз ету, сондай – ақ белгілі бір өмірлік жағдайлар мен заңдық фактілер бойынша цифрлық шешімдерді қолдану арқылы құқықтық насихатты жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірледі, - деп баяндады Марат Жусупов.

Енді ұсынымдарға сәйкес мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жүргізіліп жатқан құқықтық саясатты жария етумен айналысуға және азаматтарды нормативтік-құқықтық актілердің негізгі ережелері туралы хабардар етуге тиіс.

Бұдан әрі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде мемлекеттік органдар азаматтар (кәсіпкерлер) арасында жүргізіліп жатқан құқықтық насихатты талдап, бағалауы қажет.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің деректері бойынша тексеру нәтижелері туралы актілерді ресімдеудің ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 4-бабының талаптарына сәйкес келмеу фактілері бар. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мазмұны, ресімделуі және (немесе) оларды қабылдау рәсімдері бойынша сәйкес келмейтін мемлекеттік органдардың актілері мен шешімдері заңсыз және жарамсыз деп танылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен күшін жоюға жатады.

Кеңес нәтижелері бойынша: Департамент басшылығы қызметкерлердің ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын, сондай-ақ ҚР БП 25.12.2020 жылғы № 162 бұйрығымен бекітілген тексерулерді тіркеу және тағайындау туралы Қағидалардың 14-қосымшасының (тексеру нәтижелері туралы акт нысаны) талаптарын қатаң сақтауын ерекше бақылауға алу туралы шешім қабылдады.