
ҚР ДСМ МФБК ШҚО бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Ғылыммедден Өскемен қаласының "Айпара" ЖК сұлулық салонында ересек тұрғындарға арналған "дерматовенерология (дерматокосметология)" мамандығы бойынша медициналық қызметке лицензия беру бойынша кезекті рұқсат беру бақылауын жүргізді.
Оның бақылауымен мекеменің қажетті медициналық бұйымдармен және жабдықтармен жарақтандырылуы, мамандардың біліктілік талаптарына сәйкестігі, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар тексерілді. Жеке кәсіпкер Айпара Ертайлаққызымен және сұлулық салонының қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Рұқсат беру бақылауының қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ және қыркүйек айының ортасынан бастап сұлулық салонының иесіне медициналық қызметке лицензия берілді.
Рұқсат беру бақылауы "Медициналық қызметке лицензия беру "мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № КР ДСМ - 59/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № КР ДСМ-22 бұйрығы негізінде жүргізілгенін атап өтеміз.