
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Алмагуль Кусатаеваның төрағалығымен олар Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің хатымен танысты. Тақырыбы: "Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесінен (ӘЖБТ АЖ) сотқа әкімшілік істерді электрондық бағытқа көшіру.
Бұл туралы Департаменттің бас маманы Марат Жусупов баяндады.
Ол жоғарыда аталған ведомство тексеру материалдары («тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» инфожүйесімен интеграция), процеске қатысушылардың электрондық түсіндірме және өтініштерін іріктеу мүмкіндігі арқылы істерді қозғау бөлігінде әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінде пысықтаулар жүргізілгенін атап өтті.
- Әкімшілік практика субъектілеріне жоғарыда аталған функционалдарды пайдалану қажеттілігі туралы, сондай – ақ ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінен бастап ӘЖБТ АЖ-да «сот органдарына берілді» деректемесін таңдау кезінде электрондық істер мәні бойынша қарау үшін осы жүйеден сотқа автоматты түрде берілетіні туралы хабарланады, - деп түсіндірді Марат Жусупов.
Сондай-ақ, ол ӘЖБТ АЖ арқылы істерді қозғау мемлекеттік органдарға іс бойынша қаулыларды электрондық түрде шығаруға, төленбеген айыппұлдар бойынша материалдарды атқарушылық іс жүргізу органдарына мәжбүрлеп орындауға автоматтандырылған және кедергісіз жіберуге мүмкіндік беретінін, бұл шығындар мен бюрократиялық рәсімдерді төмендететінін атап өтті.
Жалпыға бірдей оқыту қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің хатында баяндалған ақпараттарды назарға ұстап, одан әрі жұмыста пайдалану үшін мәліметке алу туралы шешім қабылданды.