Ашық есік күні

Ашық есік күні

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментінде әдеп жөніндегі уәкіл Нургуль Кунапьянованың төрағалығымен "Ашық есік күні" өтті.

Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Ғылыммедден,

фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Жансая Қайратова және осы бөлімнің маманы Әділ Болат түрлі мәселелер бойынша түсініктемелер берді.

Фармацевтикалық және медициналық қызмет субъектілерінің өкілдерімен – "Отбасылық амбулатория" мекемесі, "Айпара" ЖК, "ТПК ZTM" ЖШС, "Қазмедимпорт" ЖШС, "32 dent" ЖШС, "Zerde" ЖШС, "ЖШС Формат.KZ", сондай-ақ жеке тұлғалармен Департамент қызметкерлері денсаулық сақтау, көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері бойынша консультациялар өткізді, барлық сұрақтарға жауап берді.

Әрбір қатысушымен әдеп жөніндегі уәкіл Департамент қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тақырыбында сауалнама жүргізді. Жауаптардың нәтижелері бойынша мынадай қорытындылар жасалды: мамандар тарапынан Әдеп және деонтология қағидалары бұзылмаған, ал ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптары мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидалары сақталады.