Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті

Департаментте «Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті» тақырыбында кезекті жалпыға бірдей оқыту өтті.

Негізгі баяндамашы фармацевтикалық инспекторат және мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы Әділ Болат болды.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөздерін келтіре отырып, ол пара алу қазіргі уақытта қоғамдық дерт болып саналатынын түсіндірді: «Бұл проблема қоғамда терең тамыр жайып, әр отбасының әл-ауқатына, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуына теріс әсер етіп, кез келген салада табысқа жету жолындағы ең үлкен кедергі болып отыр. Сондықтан сыбайлас жемқорлық-қоғамның дерті. Күшті дәрі қолданбай, одан құтылу мүмкін емес, сондықтан Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастыруда».

Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі осы «эпидемияға» қарсы күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылатыны баршаға мәлім, өйткені бұл дамыған елдердің тәжірибесіндегі ең нәтижелі әдіс. Қоғамның құрылысшылары-адамдар. Демек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әрқайсымыздың рөліміз бен іс-әрекетіміз маңызды.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып, біз қоғамдық сананың өзгеруіне, адамгершілік және азғындық мінез-құлықты, заңдылық пен заңсыздықты түсінуге ықпал етеміз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық ұстаным әрбір адамда болуы тиіс. Мұның бәрі заңның үстемдігіне, қоғамдық тәртіпті нығайтуға, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және орнықты дамуға жол ашады, - деді Әділ Болат.

Сондай-ақ, ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, бұзушылықтарды жоюға және электрондық қызметтер форматы арқылы халыққа адал қызмет көрсетуге, яғни мемлекеттік қызметшілермен тікелей байланыссыз мемлекеттік қызметтерді алуға бағытталған «Ашық әкім» және «Адалдық алаңы» жобаларын табысты іске асырып жатқанын атап өтті.

Қорытындылай келе, Департамент басшысы Алмагуль Кусатаева барлық қызметкерлерге мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлқы туралы еске салды.