Департаментте кезекті жалпыға бірдей оқыту өтті, онда ақпараттық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлық тақырыптары талқыланды

Департаментте кезекті жалпыға бірдей оқыту өтті, онда ақпараттық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлық тақырыптары талқыланды

Персоналды басқару жөніндегі бас маман Айзат Қайырбаева және фармацевтикалық бақылау және медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мониторингілеу бөлімінің бас маманы Мақпал Рахимжанова баяндама жасады.

Айзат Қайырбаева құпия және маңызды деректердің жоғалу немесе тарап кету, бұрмаланған, толық емес ақпаратты пайдалану және т. б. тәуекелдері туралы айтып берді.

- Өзіндік қауіпсіздік департаменті және «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ қызметкерлері ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталуына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Бұдан басқа, мемлекеттік органдарда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарын сүйемелдеу мен қадағалауды «ГТҚ» АҚ ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы жүргізеді, ол Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінде зиянды белсенділіктерді, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарында БПҰ-ны тіркейді. Бұл туралы мемлекеттік органға шаралар қабылдау үшін хабарлайды, - деп хабарлады департамент маманы.

Сондай-ақ, ол ақпараттандыру саласындағы бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін атап өтті, қызметтік және жеке ақпаратты қауіпсіз пайдалану үшін ұсынымдарды оқып шықты.

Мақпал Рахимжанова өз кезегінде игіліктерді (ақша, бағалы қағаздар, демалуға немесе емделуге жолдамалар, жұмыстар және өзге де қызметтер) заңсыз алғаны үшін және парақорлыққа делдал болғаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы еске салды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңыздылығы туралы айта отырып, ол түрлі көрнекі материалдар – пайдалы және үгіт ақпараты бар брошюралар, жадынамалар, плакаттар туралы еске салды: «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген», «Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген», «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген», «Сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтарға тап болған жағдайда, сіз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің call-орталығына жүгіне аласыз-1424», «Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 4000 АЕК дейін (14 млн. теңгеге дейін)- ақшалай көтермелеу көзделген, call-орталық 1424» және т.б.