Риддер дәріханалары GPP сертификаттарын алды

Риддер дәріханалары GPP сертификаттарын алды

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментінде тиісті дәріхана практикасын (GPP) енгізу және "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы маман сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсету мәселелері бойынша семинар өтті.

Оған "МЕДИМПЭКС", "ЕуроАзияФарм", "Дивиси", "Family Pharm company", "Үміт-Фарм", "Соцаптека" және "Живая капля" ЖШС өкілдері қатысты.

Фармацевтика саласындағы фармацевтикалық инспекторат және мемлекеттік қызметтер бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлжан Сыдықова қатысушыларға фармацевтикалық қызметке маман сертификатын алу алгоритмін егжей-тегжейлі түсіндіріп, "Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 4 ақпандағы № ҚР ДСМ-15  бұйрығына сүйене отырып, тиісті дәріхана практикасының (GPP) стандарттары туралы баяндады.

Кездесу соңында Департамент басшысы Алмагуль Кусатаева "Живая капля" ЖШС директоры Елена Колесниковаға GPP сертификатын табыс етті. Осыған ұқсас сертификат "Добрый доктор" ЖШС-не берілді. Екі дәріхана да Риддер қаласында орналасқан.