
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында тиісті жадынама-плакаттар әзірледі.
Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің тапсырмасы бойынша ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көрнекі ақпараттың барлық нұсқалары қызметкерлер кабинеттерінде және ведомство дәлізінде көрнекті орындарда орналастырылды.