АЖБО жанындағы оңалту орталығына заңды медициналық қызметке лицензия берілді

АЖБО жанындағы оңалту орталығына заңды медициналық қызметке лицензия берілді

Жақында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері-медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Ғылыммедден мен бас маман Шугыла Абылханова ана мен бала орталығы базасындағы «Қамқорлық» ерте араласу орталығында лицензия беру бойынша рұқсат беру бақылауын жүргізді. 

Рұқсат беру бақылауы «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № ҚР ДСМ-22 бұйрығына сәйкес өтті.

Департамент қызметкерлері мекеменің қажетті медициналық бұйымдармен және жабдықтармен жарақтандырылуын, мамандар құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды тексерді. Бұзушылықтар анықталған жоқ. Рұқсат беру бақылауының нәтижелері бойынша ана мен бала орталығына балалар үшін «Медициналық оңалту» мамандығы бойынша Медициналық қызметке лицензияға қосымша берілді.

Сондай-ақ, Думан Ғылыммедден мен Шугыла Абылханова АЖБО директорының орынбасары Асель Айдарханова мен медициналық оңалту бөлімінің меңгерушісі Азамат Райымбековтің қатысуымен медицина қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары туралы түсіндірме әңгіме өткізді.

  • Анықтама үшін: "Қамқорлық" ерте араласу орталығы үш айдан үш жасқа дейінгі нейроортопедиялық патологиясы бар балаларды оңалту үшін "Ана мен бала орталығы" ШЖҚ КМК базасында құрылған. Қалпына келтіру үшін емдеуді дәрігерлер тобы жүзеге асырады: реабилитолог, невропатолог, ортопед-травматолог, педиатр, сурдолог, ЕДШ нұсқаушы, дефектолог, логопед, кәсіби терапевт және психолог. Орталық заманауи кабинеттермен және жаңа жабдықтармен жабдықталған. Мысалы, аудиометриялық-есту қабілетінің бұзылуын ерте анықтау үшін. Сондай-ақ, эпилепсия мен эпилепсиялық синдромдарды ерте сатысында анықтау мақсатында электроэнцефалография (үш сағаттық бейне бақылау) арқылы диагностика қол жетімді.