
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде бірінші жартыжылдықта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау рәсімі аяқталды.
Ол үшін Әдеп жөніндегі уәкіл, Департамент басшысының орынбасары Нургуль Кунапьянованың басшылығымен бөлім басшылары мен мамандары Жадыра Кулуштаева, Жансая Қайратова, Гульмира Шарыпова, Айзат Қайырбаева және Дидар Темиргалиевтен тұратын жұмыс тобы құрылды.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұсынымдарына сәйкес жұмыс бірнеше бағыт бойынша жүргізілді.
1) Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау.
Айта кету керек, Департаменттегі барлық лауазымдар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырауы мүмкін. Алайда, жүргізілген талдау мекемеде лауазымды тұлғалар үшін белгіленген бірде-бір бұзушылық анықталмағанын көрсетті. Персоналды басқару ҚР "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарына, еңбек заңнамасына және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге қатаң сәйкес жүзеге асырылады. Мекеме қызметкерлері жүйелі түрде біліктілігін арттырып, бейіндік оқытудан өтеді. Кадрлардың ауысуы сияқты теріс себептермен жұмыстан шығарылғандар жоқ. Департаменттің барлық қызметкерлері лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
2) Мүдделер қақтығысын реттеу.
Департаменттің лауазымды тұлғаларының қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініш жазу, іс-әрекеттеріне шағымдар, жақын туыстарының бірлескен жұмысы, олардың туыстары болып табылатын бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты лауазымды тұлғалардың тексерулер жүргізу фактілері анықталған жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету.
2023 жылдың есепті кезеңінде медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша 490 дәлелді бас тарту жіберілді. Себебі: құжаттардың толық емес пакеті және СЭК келіспеуі.
Көрсетілетін қызметті алушылардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне, құжаттардың толық емес топтамасына, мәліметтер нысанын толтыруда толық емес және дұрыс емес ақпаратқа, мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес емес өтінішті жолдауға байланысты фармацевтика желісі бойынша 66 дәлелді бас тарту болды. 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда осы салада бас тарту саны жаңа мемлекеттік қызметті-дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы маман сертификатын беру енгізілуіне байланысты алты есеге артты.
Қызмет көрсету мерзімдері бойынша өзге де бұзушылықтар болған жоқ.
4) Департаменттің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.
Денсаулық сақтау министрлігі бұйрықтарының қолданыстағы редакциялары және ұсынылған өзгерістер немесе толықтырулар қаралды.
5) Рұқсат беру функцияларын іске асыру.
Департамент мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілмеген функцияларды жүзеге асырмайды.
6) Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.
Бақылау функциялары заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жоспардан тыс тексерулер, субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау, талаптарға сәйкестігін тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 77 мемлекеттік қызмет бойынша рұқсат беру бақылауы жүргізілді: фармацевтикалық қызмет бойынша – 56, медициналық қызмет бойынша – 21. Тексеру мерзімі бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
7) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
Documentolog жүйесінің қажетті модификациясы қарастырылды және internal.elicense.kz және arm.elicense.kz.
ВАКР рәсімін қорытындылай келе: Департамент қызметкерлерінің лауазымдық, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасау фактілері анықталған жоқ.