
Департаментте фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер тақырыбында жалпыға бірдей оқыту семинары өткізілді.
Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы Әділ Болат және бөлім басшысы Жансая Қайратқызы Қайратова баяндама жасады.
Семинарда "Фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 бұйрығының негізінде мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері мен тәсілдері және де мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі айтылды.
Сондай-ақ, әдеп жөніндегі уәкіл Нургуль Асымкановна Кунапьянова ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалға анонимді сауалнама нәтижелерін жариялады. 2023 жылдың 1 тоқсанында ұжымда қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және моральдық-психологиялық ахуалдың жай – күйін мониторингілеу бойынша анонимді сауалнамаға қатысқан қызметшілер саны-11 мемлекеттік қызметші (73,3%) болды.