ШҚО-да тиісті дәріханалық практикасы енгізілуде

ШҚО-да тиісті дәріханалық практикасы енгізілуде

Бүгін ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Алмагуль Кусатаева "№56 дәріхана" ӨК дәріхана меңгерушісі Лаура Мукашеваға тиісті дәріхана практикасы (GPP) стандарттарына сәйкестігі туралы сертификаттарды табыс етті.

"№56 дәріхана " ӨК-де фармацевтикалық инспекция жүргізу кезінде алынған мәліметтер негізінде Тарбағатай ауданындағы Ақжар (Байжігіт көшесі, 54) және Тұғыл (Желтоқсан көшесі, 20 және Уәлиханов көшесі, 27) ауылдарындағы үш дәріханаға тиісті сертификаттар берілді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында сегіз дәріхана тиісті дәріхана практикасының талаптарына сәйкестігі сертификаттарының иелері болып табылады.