
Бүгін Департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "№ 73 мекемесі " республикалық мемлекеттік мекемесіне барды.
Аталған іс-шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің аға офицері Гульнур Бекбаева болды.
Режимдік объектіге экскурсияны № 73 мекеменің режим және күзет бөлімі бастығының орынбасары әділет капитаны Талгат Маулетканулы Кабдылов жүргізді. Департамент қызметкерлеріне әртүрлі қылмыстарға күдіктілер ұсталатын изолятор, әйелдер мен ерлер камералары көрсетілді.
- Мұндай экскурсияларды біз мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында өткіземіз. Бүгін Департамент қызметкерлеріне тергеу изоляторы және тергеу үстіндегі, сонымен қатар сот шешімін күтіп отырған адамдарды ұстау шарттары егжей - тегжейлі көрсетілді, - деп түсіндірді Гульнур Бекбаева.