
Бүгін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай Департаменттің бірнеше қызметкерлері марапатталды.
Салтанатты жағдайда Департамент басшысының орынбасары Нургуль Кунапьяноваға ШҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департаментінен алғыс хат табысталды.
Сондай-ақ, Департамент басшысы Алмагуль Кусатаева фармацевтикалық бақылау және медициналық бұйымдар бағасына мониторинг жүргізу бөлімінің бас маманы Мақпал Рахимжанованы Құрмет грамотасымен марапаттап, персоналды басқару жөніндегі бас маман Айзат Қайырбаеваның ата-анасына мемлекеттік қызметшіні үлгілі тәрбиелегені үшін алғыс жариялады.