
Гульмира Александровна Шарыпованың мемлекеттік қызмет өтілі 18 жыл.
Ол өзінің мемлекеттік қызметші ретіндегі мансабын 2005 жылы Шемонаиха аудандық сотында жетекші маман болып бастаған. 2007-2017 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің басқармасында жұмыс істеді. Ал 2018 жылдың ортасынан бастап мемлекеттік қызметшілерге арналған конкурстан өтіп, «ҚР ДСМ Фармация комитетінің ШҚО бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне жұмысқа орналасты. Кейіннен ведомство бірнеше рет қайта құрылды. Қазіргі уақытта бұл-ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаменті.
– Департаментте жұмыс істеген жылдары, реформалауды қоса алғанда, мен заңгер, кадр қызметін ұйымдастыру жөніндегі маман, фармацевтикалық бақылау бөлімінде маман болып жұмыс істедім. Қазіргі уақытта медициналық қызметті бақылау бөлімінде сапалы медициналық көмек немесе қызмет көрсету бойынша маманмын, - дейді Гульмира Шарыпова. - Жұмыс өте жауапты. Мен жеке және заңды тұлғалардың әрбір өтінішін егжей-тегжейлі қарастырамын, өйткені бізге жүгінген кезде азаматтар бірінші кезекте сенім білдіріп, өздеріне қорғаныс іздейді. Біз өз құзыретіміз шеңберінде қолдан келгеннің бәрін жасауға және мемлекеттік қызметші атағына лайық болуға тырысамыз.
Өткенді еске түсіре отырып, Гульмира Александровна Өскемен қаласындағы мектепті бітіргеннен кейін Семей қаласындағы Медициналық университетке оқуға түсуді жоспарлағанын айтады. Алайда, бәрі басқаша болды: ол Алматы заң колледжін, одан кейін Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. Ол осылай болғанына еш өкінбейді, өйткені оның жұмысы халықтың игілігіне бағытталған.
– Әрбір мемлекеттік қызметші ант қабылдай отырып, азаматтар алдында үлкен жауапкершілік арқалайды деп санаймын. Біз өз міндетімізді ұмытпауымыз керек, - дейді Гульмира Шарыпова. - Иә, жұмыс оңай емес, кейде көп күш жұмсаймыз, бірақ мен әрқашан әр адамның өміріндегі ең маңызды құндылыққа – отбасыма: қамқор жұбайыма, керемет ұлыма және ата-анама уақыт бөлуге тырысамын. Менің мектептен бері келе жатқан достарым бар, қазір біз отбасыларымызбен араласамыз, балаларымыз дос.
Қазір мемлекеттік қызметке орналасуды жоспарлап жүрген жандарға айтарыңыз деп сұрағанда Гульмира Александровна былай деп жауап берді: "Мемлекеттік қызметтің қай саласында жұмыс істемесең де, бұл жақсы өмірлік тәжірибе және сауатты маманның дағдылары. Жастарға жеңіл болып көрінгенімен, мемлекеттік қызмет ол оңай емес. Әрбір адам нағыз мемлекеттік қызметші бола алмайды. Бірақ, егер адамда мақсатқа ұмтылу қасиеті болса, онда жетістіктерге, табысқа, тұрақтылыққа және марапаттарға қол жеткізуге кепілдік бар».