
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментінде "Ашық есік күні"өтті.
Азаматтарды қабылдауды Департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Нургуль Кунапьянова, медициналық қызметті лицензиялау және сертификаттау бөлімі басшысының м.а. Шұғыла Абылханова және фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы Әділ Болат жүргізді.
Акция аясында Департаментке «Отбасылық амбулатория» мекемесінің бас медбикесі Ольга Давыденко, «ARLAN AAA» ЖШС басшысы Алмас Кадыров және «ORTHO CLINIC» ЖШС өкілі Айгерім Қалымбекова жүгінді. Өтініш білдіргендердің арасында әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша сауалнама жүргізді, ол да Департаменттің ресми сайтында орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-vko/survey/1558?lang=ru. Сауалнама нәтижелері департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық әрекеттері анықталмағанын көрсетті.
Жеке қабылдаудан басқа, мамандар телефон арқылы кеңес берді. Мәселен, Глубокое ауданының Предгорное ауылынан жеке кәсіпкер фармацевтикалық қызметке лицензия алу туралы түсініктеме алуға өтініш білдірді. Әділ Болат телефон арқылы жүгінген азаматтың сұрақтарына толық жауап берді.