ШҚО медицина қызметкерлеріне кейбір нормативтік-құқықтық актілер түсіндірілді

ШҚО медицина қызметкерлеріне кейбір нормативтік-құқықтық актілер түсіндірілді

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшылығының бастамасымен ШҚО денсаулық сақтау басқармасының, ШҚО бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментінің, медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультативтік комиссияларының қатысуымен өңірлік семинар өтті.

ШҚО бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің басшысы Алмагүл Құсатаева кездесуде сөз сөйледі.

Өңірлік семинар барысында медициналық-әлеуметтік сараптаманың негізсіз толтырылған қорытындылары, сырттай-проактивті куәландырудың пилоттық жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тақырыптары талқыланды. Қорытындысы бойынша шешімдер қабылданды және өзара іс-қимылдың жалпы алгоритмі әзірленді.