
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес келіп түскен шағымдар бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізеді.
Тексерулер өтініш берушіге медициналық көмек сапасыз көрсетілген жағдайларда тағайындалады. Мысалы: дұрыс емес диагноз қойылды, дұрыс емделмеді, денсаулыққа зиян келтіретін медициналық манипуляция жасалды.
Өтініш беру үшін Сіз медициналық қызмет немесе көмек алғаныңызды дәлелдейтін растайтын құжаттарды (чек, келісім-шарт, үзінді көшірмелер) тіркеуіңіз керек.
Толық ақпарат және шағым берудің қадамдық механизмі осы жарияланымның фото слайдтарында берілген.
***
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары!
Сіз шағыммен немесе өтінішпен Сізге ыңғайлы кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне жүгіне аласыз.
Телефон нөмірі: 8 (7232) 61-81-00
Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 80 үй.
E-mail: dkf.vko@dsm.gov.kz
Әлеуметтік желілері:
Instagram: https://www.instagram.com/dkmfk_vko/