Шығыс Қазақстан облысының дәріханалары GPP стандарттарын енгізуде

Шығыс Қазақстан облысының дәріханалары GPP стандарттарын енгізуде

ҚР ДСМ ШҚО бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің мамандары Өскемендегі "Қазмедимпорт" ЖШС-де GPP стандарттарына сәйкестігіне кезекті инспекция жүргізді.

Құрамына жетекші инспектор, Департамент басшысының орынбасары Нургуль Кунапьянова, сондай-ақ фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің  басшысы Жадыра Кулуштаева және бас маманы Гүлжан Сыдықова кіретін инспекциялық топ "Қазмедимпорт" ЖШС директоры Павел Мариничевпен және басқа да жауапты тұлғалармен кездесті.

Фармацевтикалық қызметтің барлық субъектілеріне еске саламыз: "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 233-бабының 3-тармағында осы жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу кезінде тиісті дәріхана практикасының (GРP) талаптарын сақтауға міндетті екендігі көзделген.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері үш дәріхана (екеуі Өскемен  және біреуі Алтай қалаларында) GPP тиісті фармацевтикалық практика стандартын енгізді: "Трофимова" ЖК, "Баянова" ЖК, "Элона-фарм"ЖШС.

Бүгінгі таңда Департамент қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының дәріханаларында 2023-2025 жылдарға арналған GPP стандартының сәйкестігіне инспекция жүргізу кестесін қалыптастырды.