
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі, басшының орынбасары Нұргүл Кунапьянова сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта кезекті семинар-кеңесті өткізді.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар және Үкіметтің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1147 қаулысымен бекітілген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 21-тармағын орындау қаралды.
Нұргүл Асымқанқызы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар ұғымы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген ұсынымдар жүйесі болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері жұртшылықтың қатысуымен әзірлейді және заңнаманы әзірлеу кезінде және құқық қолдану практикасында ескеріледі, – деп түсіндірді Әдеп жөніндегі уәкіл. - Біздің Департаментте жоғарыда аталған баптың негізінде басшы А.С. Қусатаеваның 14.03.2023 ж. №56 бұйрығымен департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілді.
Бұл құжатпен ведомствоның барлық қызметкерлері таныстырылды, ал бөлім басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың талаптарын өздеріне және қарамағындағыларға қатаң сақтау тапсырылды.
Екінші мәселе бойынша Нургүл Кунапьянова "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағын келтіре отырып, екі жыл бұрын құрылған және ағымдағы жылға бекітілген жоспар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау тобының жұмысын күшейтуді ұсынды.
Қорытындылай келе, әдеп жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 21-тармағын орындау мақсатында Мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту үшін БАҚ-та Департаменттің адал және лайықты мемлекеттік қызметшілерінің мысалдарын кеңінен жариялау қажет екенін назарға жеткізді.