«Медицина қызметкері күні» кәсіби мерекесі қарсаңында Департамент мамандарының Шығыс Қазақстан облысының фармацевтика саласының өкілдерімен кездесу

«Медицина қызметкері күні» кәсіби мерекесі қарсаңында Департамент мамандарының Шығыс Қазақстан облысының фармацевтика саласының өкілдерімен кездесу

       Медицина қызметкері күні жаңа мереке емес, біздің елімізде маусым айының үшінші жексенбісінде дәстүрлі түрде тойланады. Бұл өз кәсібін медицинамен байланыстырған, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға барын салған жандардың мерекесі. Дәрігерлер мен фармацевттердің келісілген және адал жұмысының арқасында біз COVID-19 пандемиясымен күрестік.

        2022 жылғы 15 маусым «Медицина қызметкері күні» кәсіби мерекесі қарсаңында департамент мамандары Шығыс Қазақстан облысының фармацевтика саласының өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.

       Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Құнапьянова Нұргүл Асымқанқызы фармацевтика саласының ардагерлерін, сонымен қатар дәрілік заттарды дайындау және көтерме –бөлшек саудадамен айналысатын фармацевтика саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, жұмысында сәттілік тіледі.

COVID-19 пандемиясы кезінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды үздіксіз жеткізуді жүзеге асырған көтерме саудамен айналысатын фармацевтикалық компанияларға «Медсервис Плюс» ЖШС , «Инкар» ЖШС , «Stopharm» ЖШС , «Amity International» ЖШС, «Amanat» ЖШС , «Альянс-Фарм» ЖШС , «Лекар Медициналық Центр» ЖШС, «Асфарм» ЖШС, «Казмедимпорт» ЖШС сияқты және халықты дәрілік заттармен медициналық мақсаттағы бұйымдармен және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз еткен «Формат» ЖШС, «Оптомед» ЖШС дәріханалар желісіне алғысын білдірді.

     Фармация саласындағы көп жылғы еңбегі және 2019-2021 жылдардағы COVID-19 пандемиясы кезінде халықтың денсаулығын қорғау мен нығайтуға қосқан жеке үлесі үшін. Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің құрмет грамоталарымен марапатталды:

1) Брежнева Елена Ивановна - ТОО «Формат»

2) Курбатова Галина Федоровна - ТОО «Медсервис плюс»

3) Кожахметова Никара Ринатовна - ТОО «Альянс Фарм»

4) Кочарян Юрий Васильевич – ТОО «Медсервис плюс»

5) Крючкова Наталья Валерьевна – ТОО «Альянс Фарм»

6) Салимбаев Тимур Рахметуллаевич - ТОО «INKAR»

7) Яблокова Оксана Александровна – ТОО «Оптомед»

8) Иматова Рахия Адабиевна – Медицинский колледж

9) Амирова Кеньжеш Ануэровна - ТОО «Дәрі Дәрмек»

10) Куралаева Алия Мухтархановна – ИП «Куралаева А.М»

11) Мухаметжанова Бейбитгуль Назарбаевна - ТОО "Медсервис Плюс"

12) Кизатова Бахытгул Бокеевна – ИП «Кизатова»

13) Крекова Вера Ивановна - ИП «Аптека 10» г.

14) Калиаскарова Кульнар Шамилькановна - ТОО «Медицинский центр Лекарь»

15) Дюсенбаева Корлан Газизовна – ИП «Дюсенбаева К.Г»

16) Абдуллаев Явар Гасан–оглы – ИП «Абдуллаев»

17) Прокопенко Елена Викторовна - заведующая больничной аптеки ВКО Областного специализированного медицинского центра

18) Кропп Татьяна Владимировна– ПК Фармация

19) Никитенко Елена Семеновна - ТОО «INKAR»

20) Исина Толкын Ергалиевна – ИП «Трофимова»

21) Кухта Елена Владимировна - ТОО «Формат»

22) Матросова Ольга Анатольевна – ТОО «Асфарм»

     Шығыс Қазақстан облысы фармацевтика саласының даңқын асырып, еңбек еткендерді – фармацевтика ардагерлерін назардан тыс қалған жоқ. Олар өз кезегінде алғыстарын білдіріп, ұрпақтар сабақтастығы мен салт-дәстүрге адалдықты атап өтіп, мерекенің салтанатты бөлімін жас мамандар – фармацевттерге арналған лебіздерімен аяқтады.

     Провизорлар мен фармацевтер - бұл кәсіпқойлардың ерекше тобы. Талантты, өз ісіне адал, жауапкершілігі мол және мақсаттары айқын, үйренуден жалықпайтын жандар.