
2022 жылғы 9 ақпанда ШҚО бойынша МФБК ӨД құқықтық жаппай оқыту шеңберінде әдеп жөніндегі уәкіл - Кунапьянова Н.А. қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша қызметтік жағдайын және онымен байланысты мүмкіндіктерді жеке мақсатта пайдаланбау тақырыбында дәріс өткізді. Департаменттің барлық мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
МФБК ӨД қағидалары мен міндеттері, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттері айтылды. Келесі мәселелер талқыланды:
- Мемлекеттік қызметшілердің әдеп және мінез-құлық қағидалары саласындағы негізгі құқықтары;
- Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілігі.