
Бүгін «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы, облыстық мәслихат депутаты Маржан Бахытқызы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұжымымен кездесу өткізді. Жиын барысында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, жобалық кеңсе тарапынан қолға алынып жатқан шаралар туралы айтылды. Департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Нұргүл Кунапьянова ағымдағы жылы атқарылған шаралар бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ, жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған әлеуметтік роликтер көрсетілді.