Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі туралы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі туралы

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" РММ ШҚО әкімінің орынбасары Ш.С. Буктугутовтың 29.10.2021 жылғы хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жылға арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі туралы Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу жөніндегі Медиа-жоспарға сәйкес келесі жұмыстар атқарылды.

Департаменттің сайтында және стендінде халыққа жарналар мен аударымдарды төлеу туралы, Мемлекет жарналар төлейтін азаматтардың жеңілдікті санаты туралы, МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін тексеру туралы және мәртебені 2 тілде тексеру тәсілдері туралы түсіндіру жөніндегі инфографикалар орналастырылған:

1. Goldau 24/7 мобильді қосымшасы;
2. Электрондық үкімет порталы;
3. Телеграм-Бот @ SaqtandyryBot;
4. ММС қорының ресми сайты.