
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 244-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-9 «Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, 2021 жылдың басынан бастап «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-інің фармацевтикалық білімі бар 4 маманы Шығыс-Қазақстан облысындағы инспекцияларға қатысты.
Дәрілік заттарды көтерме саудада өткізетін "Қазмедимпорт" ЖШС, Альянс-фарм" ЖШС, "Асфарм" ЖШС, "Медицинский центр Лекарь" ЖШС дәріхана қоймаларында тиісті фармацевтикалық практикалардың талаптарына сәйкестігіне инспекция жүргізілді, оның ішінде 3(үш) дәріхана қоймасы тиісті дистрибьюторлық практикаға (GDP) сәйкестік сертификатын алды.
Тиісті дистрибьюторлық практиканың мақсаты жеткізудің барлық тізбегі бойынша дәрілік заттардың сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жалған дәрілік заттардың жеткізу тізбегіне ену қаупін болдырмау үшін қажетті сақтаудың, тасымалдаудың және таратудың тиісті шарттарын сақтау болып табылады.
Бөлшек сауда желісінде тиісті дәріхана практикасына (GPP) сәйкестік сертификатын "ИП Баянова"дәріханасы алды. Сондай-ақ Семей қаласында Тиісті дәріханалық практика бойынша "ЖК Садвакасова С.А" 2 фармацевтикалық инспекциясы өткізілді., Қазіргі уақытта аталған дәріхананың құжаттары қаралу үстінде.
Тиісті дәріханалық практиканың мақсаты халықты сапалы, қауіпсіз дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету, оларға дәрілік зат туралы шынайы ақпарат беру, салауатты өмір салтын насихаттау және аурулардың профилактикасы, рецептілік дәрілік препараттарды ұтымды қолдануды қамтамасыз ету және дәрілік препараттардың жанама әсерлері туралы ақпарат беру және өзін-өзі емдеу кезінде көмек көрсету болып табылады.