Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары жөніндегі семинар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары жөніндегі семинар

2021 жылғы  13 қыркүйекте ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Н.А. Кунапьянова медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің мамандарымен "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары жөнінде семинар өткізді. Семинар барысында қызметтік міндеттерін адал, әділ және сапалы орындау, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ іскерлік этикетті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау бойынша түсініктемелер берілді.