
Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмыс жоспарының 2.2-тармағына сәйкес Дін істері басқармасы өкілдерінің қатысуымен деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік қызмет жүйесінде зайырлылық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, діни көзқарастарды күштеп таңуға жол бермеу, сондай-ақ азаматтарды деструктивті діни ұйымдардың қызметіне тартудың алдын алу мәселелері қаралды.
Кеңеске қатысушыларға Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы заңнама талаптары, сондай-ақ радикалды идеологияның таралуының алдын алуға бағытталған шаралар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кеңес қорытындысы бойынша халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және конфессияаралық келісімді нығайту мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.