Департаментте жас мемлекеттік қызметшіге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы кіріспе нұсқама өткізілді

Департаментте жас мемлекеттік қызметшіге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы кіріспе нұсқама өткізілді

Департаменттің этика жөніндегі уәкілі және фармацевтикалық қызмет саласындағы фармацевтикалық инспекторат пен мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған жас маманмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сақтау мәселелері бойынша кіріспе нұсқама өткізді.

Нұсқама барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі қағидаттары, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік мінез-құлқына қойылатын талаптар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу шаралары, сондай-ақ оларды жасағаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасты қалыптастыруға, қызметтік этика нормаларын сақтауға және лауазымдық міндеттерді орындау барысында құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға ерекше назар аударылды.