ШҚО-да есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды және дәрілік заттар айналымын бақылауды күшейту мәселелері талқыланды

ШҚО-да есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды және дәрілік заттар айналымын бақылауды күшейту мәселелері талқыланды

2025 жылдың 24 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облыстық полиция Департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасының өкілінің қатысуымен Департаментте дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шара барысында Департамент пен ШҚО полиция Департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасы арасында бірлескен іс-шаралар жоспарын келісу, анықталған құқық бұзушылық фактілері бойынша тұрақты ақпарат алмасу, дәрілік заттар айналысы саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында өзара іс-қимылды жалғастырудағы міндеттері талқыланды.