
Фармацевтикалық қызмет субъектілері – «Шығыс Фарм» ЖШС, «Абдулаев В.Я.» ЖК, «Family Farm Company» ЖШС, «АлтайФарм» ЖШС, «Эйр-Восток» ЖШС және «Элона Фарм» ЖШС - Good Pharmacy Practice (GPP) стандарттарына сәйкестігі туралы сертификаттармен марапатталды.
GPP стандарты халықты сапалы әрі қауіпсіз дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге, дәрілік препараттар туралы шынайы ақпарат беруге, салауатты өмір салтын насихаттауға және аурулардың алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар, рецептілік препараттарды ұтымды қолдануды қамтамасыз ету, дәрілік заттардың жанама әсерлері туралы ақпаратты жеткізу және өзін-өзі емдеу кезінде көмек көрсету де осы стандарттың талаптарына кіреді.
Сондай-ақ еске саламыз: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау кодексінің 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI (бұдан әрі – Кодекс) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 233-бабы 3-тармағында көзделген GPP талаптарын сақтау нормасының күшіне енуіне бір айдан аз уақыт қалды (2026 жылғы 1 қаңтар).