Мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлық нормалары талқыланды

Мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлық нормалары талқыланды
Қазақстан Республикасы ШҚО Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Департаменті мен ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері арасындағы өзара ынтымақтастығы аясында "мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының этикалық нормалары "тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Іс-шара барысында қызметтік этиканың негізгі қағидаттары, мүдделер қақтығысын болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін арттыру мәселелері қаралды.