ШҚО-да мемлекеттік қызметшілердің адалдығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру іс-шарасы өтті

ШҚО-да мемлекеттік қызметшілердің адалдығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру іс-шарасы өтті
Департамент қызметкерлерінің адалдық деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне тұрақты төзбеушілікті қалыптастыру, сондай-ақ адалдық, ашықтық және әдеп нормаларын сақтау қағидаттарын нығайту мақсатында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп жөніндегі уәкілдері кешенді профилактикалық іс-шараларды іске асырады. Осы іс-шаралар шеңберінде ҚР ДСМ ШҚО бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің басшысы ШҚО Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Департаментімен бірлесіп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға саналы теріс көзқарасты қалыптастыру мақсатында түзеу мекемесінің қызметкерлеріне баруды ұйымдастырды.