- «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі
20.02.2025 жылғы № 96 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық қауіпіне ішкі талдау өткізу бойынша жұмыс тобының жетекшісі (жауапты тұлға) басшының орынбасары Думан Маратович Кальжиров болып табылады.
Департаментте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 01.04.2024ж. бастап 31.12.2024 ж. дейінгі кезеңде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін Департаментте 20.02.2025 жылғы № 96 бұйрығына сәйкес қызметкерлер қатарынан жұмыс тобы құрылды.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 30.12.2022 жылғы № 488 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді:
1.Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау
Жүргізілген талдау Департаментте персоналды басқару Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына: «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ өзге де нормативтік-құқықтық актілерге қатаң сәйкестікте жүзеге асырылатынын көрсетті.
Департамент штаты - 18, 2025 жылғы 1 қаңтарға нақты саны -15, бос жұмыс орын – 3 (оның ішінде – 1 орын уақытша бос лауазым, 2027 жылға дейінгі декреттік орын):
- департамент басшысының орынбасары- 1, С-О-2
- медициналық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы – 1, С-О-5
- медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы -1, С-О-5 (уақытша бос лауазым, 2027 жылға дейінгі декреттік орын)
ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес 3 жылда кемінде 1 рет қызметкерлердің біліктілігін жүйелі түрде арттыру, сондай-ақ жұмысты сапалы орындау үшін әдістер мен тәсілдерді үнемі жетілдіру мақсатында бейіндік оқыту жүргізіледі.
Кадрлардың ауысуы бойынша талдау қабылданған кадрлар бойынша ауысым (айналым) болмағанын көрсетті. Теріс себептермен жұмыстан шығарылған жоқ. Лауазымды адамдар үшін белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдарды бұзуға жол берілмейді.
Департаменттің барлық қызметкерлері лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Департамент қызметінің негізгі бағыты: медициналық қызметті бақылау, медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау, фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер, фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға баға мониторингі болғандықтан, барлық лауазымдар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайды.
Компьютерлермен (ноутбуктермен, моноблоктармен)жабдықталуы
|
Атауы |
Штат (бірлік) |
Компьютерлер |
||
|
Баланста бар (бірлік) |
жарақтандыру % |
оның ішінде |
||
|
100% тозумен |
||||
|
бірлік |
||||
|
Департамент |
|
|
|
|
|
Барлығы |
18 |
23 |
100 |
11 |
Департамент қызметін зерделеу кезінде мүдделер қақтығысының болуына талдау жүргізілді. Департаментте жақын туыстарының бірлескен жұмыс фактілері жоқ. 01.04.2024 жылдан 31.12.2024 жылға дейінгі кезеңде қолданыстағы заңнаманы бұзу (Департамент қызметіндегі мүдделер қақтығысы) мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері (шағымдары, өтініштері) фактілері түскен жоқ. Департамент лауазымды адамдарының олардың туыстары болып табылатын бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты тексеру жүргізу фактілері анықталған жоқ.
Департамент қызметкерлерімен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"ҚРЗ 15-бабын қосымша зерделеу бойынша жұмыс жүргізілді.
Департаментпен келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілуде:
Медициналық және фармацевтикалық қызмет саласында көрсетілген мемлекеттік қызметтер:
|
Медициналық қызмет бойынша |
01.04.2023жылдан 31.12.2023жылға дейін |
01.04.2024жылдан 31.12.2024жылға дейін |
|
Барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер: |
4347 |
5309 |
|
оның ішінде берілгені |
3192 |
3702 |
|
бас тартылғаны |
1155 |
1607 |
|
Оның ішінде: |
||
|
Клиникалық тәжірибеге рұқсат үшін маман сертификатын беру |
4193 |
5167 |
|
оның ішінде берілгені |
3058 |
3594 |
|
бас тартылғаны |
1135 |
1573 |
|
Шетел маманына клиникалық тәжірибеге рұқсат үшін маман сертификатын беру |
6 |
12 |
|
оның ішінде берілгені |
3 |
5 |
|
бас тартылғаны |
3 |
7 |
|
Денсаулық сақтау саласының менеджері сертификатын беру |
3 |
23 |
|
оның ішінде берілгені |
0 |
13 |
|
бас тартылғаны |
3 |
10 |
|
Медициналық қызметке лицензия мен қосымша беру |
145 |
107 |
|
оның ішінде берілгені |
131 |
90 |
|
бас тартылғаны |
14 |
17 |
|
Фармацевтикалық қызмет бойынша |
|
|
|
Барлық арыздар |
815 |
438 |
|
Оның ішінде: |
||
|
Фармацевтикалық қызметке лицензия мен қосымша беру |
38 |
36 |
|
бас тартылғаны |
10 |
0 |
|
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке лицензия беру |
7 |
16 |
|
бас тартылғаны |
2 |
1 |
|
Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру |
0 |
1 |
|
бас тартылғаны |
0 |
1 |
|
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың саласында маман сертификатын беру |
461 |
289 |
|
бас тартылғаны |
131 |
95 |
01.04.2024жылдан 31.12.2024жылға дейінгі есептік аралықта медициналық қызмет бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтің бас тартуы 1607 (30%), 01.04.2024жылдан 31.12.2024жылға дейін (бұдан әрі-сәйкес аралықта) -1155 (26,5%). Бас тарту негіздері: оның ішінде:
Сертификат беру бойынша- 1590 (99%) (сәйкес аралықта – 1141(98,8%) бас тарту, оның ішінде:
-құжаттардың толық емес пакеті – 1319 (82,9%) (сәйкес аралықта – 1053(92,2% );
-құжаттардың сәйкес еместігі – 183 (11,5%)(сәйкес аралықта- 0(0%)
- мамандықты дұрыс таңдамау – 24 (1,5%)(сәйкес аралықта-21(1,8%)
- өтініштің түрін дұрыс таңдамау – 18(1,1%) (сәйкес аралықта-22 (1.9%);
- мәліметтер нысанын дұрыс толтырмау - 33 (2,0%) (сәйкес аралықта -15(1,3%)
-көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша емес-14(0,8%) (сәйкес аралықта-8(0,7%);
Лицензия беру бойынша - 17(1,0%) (сәйкес аралықта-14 (1,2%) бас тарту, оның ішінде:
- құжаттардың толық емес пакеті – 8(47%) (сәйкес аралықта -10 (71,4%)
- СЭҚ келісілмеген -76 (41%) (сәйкес аралықта-4 (28,5%)
- біліктілік талаптарына сай емес – 1(5,8% ) (сәйкес аралықта -0)
- көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша емес-1(5,8% ) (салыстырмалы аралықта – 0 (%)
Есепті кезеңде фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 97 дәлелді бас тартулар (22%) (сәйкес аралықта – 143, (22%) жіберілді. Бас тартуға негіз болды:
95 (83,3%)– құжаттардың толық емес пакеті (сәйкес аралықта – 131, (92%);
1 (1,03%) – көрсетілген қызмет алушылрдың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі (сәйкес аралықта – 2, (1,39%);
1 (1,03%) – есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісілмеген (сәйкес аралықта – 10, (7%).
Фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша дәлелді бас тарту 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жаңа мемлекеттік қызмет-дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы маман сертификатын беру енгізілуіне байланысты 6 есеге ұлғайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша:
- Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру;
- Денсаулық сақтау менеджерінің сертификатын беру мемлекеттік қызметі бойынша;
- Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маманға сертификат беру;
- Медициналық қызметке лицензия беру мемлекеттік қызметі бойынша;
-Фармацевтикалық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру;
- Денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;
- Қазақстан Рсепубликасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетге) келісім және (немесе) рұқсат құжатының қорытындысын беру;
- Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында маман сертификатын беруінде бұзушылықтар болған жоқ.
Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру мемлекеттік қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтінімдер келіп түспеді.
Медициналық және фармацевтикалық қызметті қозғайтын НҚА-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін Департамент бөлімдерінің жұмысында қолданылатын НҚА-ға талдау жүргізілді. НҚА зерделеу кезінде мынадай сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:
|
№ п/п |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылатын редакция |
|
1 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы "Фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" № ҚР ДСМ-45 бұйрығы. |
|
|
2 |
1."Денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі өтініш; 2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; 3) белгілері бар қызметкерлер тізімінің электрондық көшірмесі: ішкі істер органдарының қызметкерлерді тиісті тексеру туралы; нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы алкоголизм аурулары бар адамдардың жұмыскерлер арасында болмауы туралы наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерден (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған наркологиялық және/немесе психоневрологиялық ұйымдарда есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады); 4) жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайларды күзету шартының электрондық көшірмесі. -Біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар тізбесінде және есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет үшін оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде заңды тұлғаның қызметін жүзеге асыру орны бойынша есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің келісу хатының болмауы. |
мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесіне техникалық нығайту талаптарына сәйкестік заңды тұлғаның қызметін жүзеге асыратын жер бойынша есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің келісу хатымен расталады (біліктілік талаптары және есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет үшін оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі, ҚР ІІМ 26.12.2014 жылғы №943 бұйрығымен бекітілген.
|
|
2 |
«Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығы |
|
|
|
4 параграф, 37 тармағына сәйкес: - Дәрілік заттар, бос флакондар мен ампулалар, шикізат, материалдар, қалдық материалдар, сынамалар, қалдықтар, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар бар жартылай фабрикаттар, Тізбенің II Кестесінде көрсетілген денсаулық сақтау ұйымдарында, оның ішінде фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда жинақталғандықтан. сынау зертханаларында (орталықтарында) дәрілік заттарды өндіру нысаны Комиссияның қатысуымен мыналар жойылады .... |
Тізбенің III, IV кестелеріне НзПзП сәйкес жою тәртібін қосу |
|
3 |
ҚР ДСМ 2020 жылғы 22 қазандағы "Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы"№ ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығы. |
|
|
Фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарының 4 тармағының 4 тармақшасына "шалғайдағы ауылдық жерлер үшін" деген тұжырым қолданылады, алайда бұл тұжырымның мағынасы анықталмаған |
Ұйғарым НҚА-да белгіленсін (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексі және заңға тәуелді актілер) : 1) аудан орталығынан немесе облыстық маңызы бар қалалардан километр санымен" шалғайдағы ауылдық жер". 2)" шалғайдағы ауылдық жер " - аудан орталығы болып табылмайтын ауылдық жер.. |
|
|
4 |
«Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығы |
|
|
|
19 тармағына сәйкес:. Дәрілік заттарды (өлшеу құралдарын) сақтау жағдайларын бақылау немесе мониторингілеу үшін пайдаланылатын жабдық калибрленеді (тексеріледі). Жабдықтарды (өлшеу құралдарын) салыстырып тексеру "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 5) тармақшасына сәйкес жылына кемінде бір рет жүргізіледі. |
НҚА талаптарына өзгеріс енгізу : Так как, статья 19 подпункт 5 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы N 53-II Заңы 19-бабының 5) тармақшасына сәйкес : - Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді аккредиттелген заңды тұлғалардың аккредиттелген салыстырып тексерушiлерi өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемесiне сәйкес жүзеге асырады. 20 бабына сәйкес: - Өлшем құралдарын калибрлеу осы өлшем құралдарын жасаушы, иесі немесе пайдаланушы айқындайтын тәртіппен орындалады . Өндіруші зауыттың төлқұжаттарында "Стеклоприбор" ЖАҚ, РФ Гигрометрлерді пайдалану бойынша үй - жайлардың (ВИТ-1, ВИТ-2) және термометрлердің ауа ылғалдылығын психрометриялық анықтау: құрылғыға (гигрометрлер) - ... өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Заңның талаптарына сәйкес келетін 2 жыл аралықпен; аспапқа (термометрлерге); - ... ШҚО "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ хатымен расталған өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Заңның талаптарына сәйкес келетін 3 жыл аралықпен Ф-л с иш. 25.07.2022 ж. №116 |
|
5 |
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі
|
|
|
|
Кодекстің 82-бабына сәйкес, (Медицина қызметкерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, дәрiлiк заттарды өткiзу қағидаларын және рецептер жазып беру жөніндегі талаптарды бұзуы) медициналық қызметті бақылау бөлімінің құзыретінде, бірақ рецептілерді жазу кезінде бұзушылық фактісі бойынша тексеру парақтары фармацевтикалық бақылау бөлімінде болып табылады.
|
ӘҚБтК-нің 82-бабында көзделген бұзушылықтар ӘҚБтК-нің 426-бабына көшірілсін. |
|
6 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы "Фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" № ҚР ДСМ-45 бұйрығы. |
|
|
|
3-қосымшаның 8-тармағының 3-тармақшасынан белгілері бар қызметкерлер тізімінің электрондық көшірмесі: наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлердің жұмыскерлер арасында нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы алкоголизм аурулары бар адамдардың болмауы туралы (Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған наркологиялық және (немесе) психоневрологиялық ұйымдарда есепке алудың жай-күйі (жай-күйі) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады "электрондық үкімет" шлюз арқылы алады "); |
"Электрондық үкімет" базасымен Е лицензиялау интеграциясын пысықтау немесе тармақты алып тастау көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады |
|
7 |
"Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандынрудың ең төмен стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығы |
|
|
|
Жабдықтау деңгейлері: – "Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ – 133/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21452 болып тіркелген) (бұдан әрі-желі нормативі) сәйкес айқындалатын денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативіне сәйкес. Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің нормативін белгілейді және "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, сондай-ақ "Денсаулық сақтау салаларындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № ҚР ДСМ-26 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22482 болып тіркелген) сәйкес "Денсаулық сақтау қызметтерінің халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандартын қамтамасыз етеді. |
Аталған бұйрық - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарына қолданылады, ал мемлекеттік емес жекеменшік мекемелерге қолданылмайды. Бұйрықты жетілдіру қажет, немесе «тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін» абзацын алып тастау қажет.
|
|
8 |
«Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығы |
|
|
|
12. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің осы қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК ) 73-бабы бойынша әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді, ол туралы көрсетілетін қызметті алушы алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі (дәлелді бас тарту). 13. Көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешімге қарсылықты оны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады. 14. Көрсетілетін қызметті алушы өзінің қарсылығын ауызша білдірген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тыңдау хаттамасын жүргізеді, ол ӘРПК-нің 74-бабына сәйкес ресімдейді. |
Тыңдау алынып тасталсын, себебі дәлелді бас тарту 2 күн ішінде беріледі, ал көрсетілетін қызметті алушы алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі (дәлелді бас тарту). |
|
9. |
"Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығы |
|
|
|
8. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы және цифрлық құжаттар сервисінен мынадай мәліметтерді алады: 4) меншік құқығын немесе жалға алу шартын немесе жылжымайтын мүлікті (несиені) өтеусіз пайдалану немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын (ЭҮШ-да мәліметтер болған жағдайда) куәландыратын; 6) жылжымайтын мүлік объектісінің тіркелгені туралы; 12) медициналық қызметті жүзеге асыру жоспарланған үй (бұдан әрі -өндірістік база) – жайға (ғимаратқа) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы (ЭҮШ болған жағдайда). |
"Электрондық үкімет" базасымен Е лицензиялау интеграциясын пысықтау немесе «көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады» тармақты алып тастау |
|
10 |
«Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығы |
|
|
|
15 тармағына сәйкес: - Дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды электронды түрде алуға рецепттер ақпараттық жүйеде ресімделеді және тіркеледі және медицина қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы қол қойылады. Электрондық форматта рецепт жазу мүмкіндігі болмаған кезде рецептілерді жазу дәрілік затты немесе медициналық мақсаттағы бұйымды тағайындаған медицина қызметкерінің қолы қойылған қағаз түрінде жүзеге асырылады. Қағаз түрінде берілген рецептіде медицина қызметкерінің мөрі талап етілмейді.
Және аталған НҚА-де рецептке сәйкес дәрілік затты рецептке сәйкес алушы науқастың әлде сенімді тұлғаның алғаны туралы белгі талап етілмейді. |
15 тармаққа Қағаз түрінде берілген рецептіде медицина қызметкерінің мөрі талап ету жайлы өзгеріс еңгізу. Аталған НҚА-де рецептке сәйкес дәрілік затты рецептке сәйкес алушы науқастың әлде сенімді тұлғаның алғаны туралы белгіні талап ету |
Лицензия беру жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету шеңберінде Департамент басшының ішкі бұйрығы негізінде субъектіге (объектіге) барып тексеру нысанында рұқсат беру бақылауын жүргізеді.
Департамент 1.07.2023 ж. бастап 31.03.2024 ж. дейінгі кезеңде лицензия беру бойынша объектіге барумен бар(1.07.2022 ж. бастап 31.03.2023 ж. дейінгі кезеңде-108) лығы - 148, оның ішінде медициналық қызметке – 84 (1.07.2022 ж. бастап 31.03.2023 ж. дейінгі кезеңде-108) фармацевтикалық қызмет бойынша - 64 (1.07.2022 ж. бастап 31.03.2023 ж. дейінгі кезеңде – 55) рұқсат беру бақылауын жүзеге асырды.
Департамент рұқсат беру бақылауын жүзеге асыру кезінде бұзушылықтарға жол бермеді.
Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес рұқсат беру функцияларын іске асыру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілмеген рұқсат беру құжаттарын беруді, сараптамалар жүргізуді, тіркеуге құқық беруді, келісуді қамтиды. Департамент мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілмеген мұндай функцияларды жүзеге асырмайды.
Бақылау функциялары заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жоспардан тыс тексерулер, субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау, талаптарға сәйкестігін тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Есепті кезеңде медициналық қызметті бақылау жүйесі бойынша:
- жоспардан тыс тексерулер-11 (01.04.2023 ж. -31.12.2023 – 98); Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу - 0 (01.04.202 ж. -31.12.2023 ж. -0); Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу - 4 (01.04.202 ж. -31.12.2023 ж. -4); талаптарға сәйкестігін тексеру-0 (01.04.2023 ж. -31.12. 2023 ж. – 6).
- фармацевтикалық қызметті бақылау жүйесі бойынша:
- жоспардан тыс тексерулер – 5 (01.04.2023 ж. -31.12. 2023 ж. – 36), бара отырып профилактикалық бақылау-7 (01.04.2023 ж.-31.12. 2023 ж.-19); комисси құрамындағы тексерулер – 132 (01.04.2023 ж.-31.12. 2023 ж.-51); талаптарға сәйкестігін тексеру-0 (0).
Жоғарыда аталған іс-шараларды өткізу субъект (объект) облыс орталығының аумағынан тыс жерде болған кезде қызметкерлердің іссапарға шығуын көздейді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті қызметкерлердің іссапарларға шығу санына, іссапарда болу уақыты 3 күннен аспайтын, айына саны 10-нан аспайтын жасырын шектеу белгіледі.
Есепті кезеңде жүзеге асырылған бақылау функцияларын талдау кезінде тексеру мерзімдері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
Департаменттің бақылау және қадағалау саласындағы қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер бойынша семинарлар өткізіледі және басшылық тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің орындалуына бақылау күшейтілді.
Департаменттің 2025 жылға арналған құқықтық жалпыға бірдей оқыту-семинарларының жоспары жасалды және бекітілді, онда ҚР заңнамалары бойынша семинарлар өткізу кестесінде: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI кодексі, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350 Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі-VI; Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі НҚА; Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кәсіпкерлік Кодексі және т. б.
|
Documentolog АЖ және internal.elicense.kz жұмыс істеу бойынша қажетті модификация
Қорытынды бөлім
Талданып отырған кезеңде Департамент қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасау фактілеріне жол берілмеді.
Ұсыныстар: - Сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары аймаққа жататын қызметке тұрақты бақылауды жүзеге асыру (бақылау, рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру кезінде). - Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеуі бойынша ақпараттық жұмысты жандандыру. - Ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру. - Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту санының құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну негіздемесі бойынша жоғары болуына байланысты: - денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына ақпараттық хатпен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбені жолдасын. |
||||||||||
|
|
Жұмыс тобы:
Басшының орынбасары, Д. Кальжиров
Жұмыс тобының жетекшісі
Фармацевтикалық қызметті М. Рахимжанова
бақылау және дәрілік заттар мен
медициналық бұйымдарға арналған
бағаларды мониторингілеу бөлімінің
басшысы, жұмыс тобының мүшесі;
Фармацевтикалық инспекторат және Ж. Қайратова
фармацевтикалық қызмет саласындағы
мемлекеттік қызметтер бөлімінің
басшысы, жұмыс тобының мүшесі
Медициналық қызметті бақылау Г. Шарыпова
бөлімінің басшысы,
жұмыс тобының мүшесі;
Медициналық қызметті сертификаттау Д. Ғылыммедден
және лицензиялау бөлімінің басшысы,
жұмыс тобының мүшесі
Фармацевтикалық қызметті бақылау және А. Мухтарханова
дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға
арналған бағаларды мониторингілеу бөлімінің
бас маманы, жұмыс тобының мүшесі
Бас маман-заңгер, жұмыс тобы М. Жусупов
жетекшісінің орынбасары;
Талдамалық анықтамамен таныстым:
ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық
бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы
бойынша департаментінің басшысы А. Кусатаева