Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шаралары белсенді түрде жүргізіледі. Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік және құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында түрлі шаралар өткізіледі.
Аталған мақсатты жүзеге асыру мақсатында, Департамент басшысының бастамасы негізінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментімен келіссөз жүргізіліп, мемлекеттік қызметкерлер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау салдарымен жақырынақ танысты. Атап айтсақ, 2024 жылғы 28 қарашада Департамент қызметкерлері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің аға офицері Гульнур Бекбаеваның бастап алып жүруімен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ОВ-156/3 мекемесінде болып қайтты. Аталған мекемеде қызметкерлер әр түрлі деңгейде қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың жай-күйімен толық танысты. Бұл шараның басты мақсаты - мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау және ескерту болып табылады. Шара соңында ОВ-156/3 мекемесінің басшылары Департамент қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тілеп, мемлекетке адал қызмет етуді тапсырды.