№ 136-НҚ от 26.02.2026

Медициналық бұйымның сериялары (партиялары) медициналық қолдануға тыйым салу және айналыстан алып қою туралы

 

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 13) тармақшасына, 259-бабы
1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидалары 3-тармағының 7) тармақшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген) сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар), БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес медициналық бұйымның серияларын (партияларын) медициналық қолдануға тыйым салу және айналыстан алып қойылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасы (бұдан әрі – Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын (бұдан әрі – Сараптама ұйымы), «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамға және «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
  3. Сараптама ұйымы осы шешімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21836 болып тіркелген) (бұдан әрі – Сапаны бағалау қағидалары) 10 және 11-тармақтарына сәйкес, медициналық бұйымға берілген сәйкестік сертификаттары кері қайтарылсын.
  4. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты
    алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуы Комитеттің жетекшілік төраға орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: «Новомед КЗ» ЖШС-нің 2026 жылғы 05 ақпандағы шығыс №14 хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитеті төрағасы                                                                    Б. Жүсіпов

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитеті төрағасының

 міндетін атқарушысының

2026 жылғы _

 ___ ақпандағы № _____

бұйрығына қосымша

 

Медициналық қолдануға тыйым салынатын және айналыстан алып қойылатын медициналық бұйымның серияларының (партияларының) тізімі

 

№ п/п

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Медициналық бұйымның атауы

Өндіруші, ел

Серия (партия) нөмірі

1.

ҚР МБ (МТ)-0№024657

Пациент мониторы, орындалуы: Р18

Guangdong Biolight Meditech Co.,Ltd., Қытай

Р80В0001397

2.

ҚР МБ (МТ)-0№024657

Пациент мониторы, орындалуы: Р18

Guangdong Biolight Meditech Co.,Ltd., Қытай

Р80В0001402

3.

ҚР МБ (МТ)-0№024657

Пациент мониторы, орындалуы: Р18

Guangdong Biolight Meditech Co.,Ltd., Қытай

Р80В0001401

4.

ҚР МБ (МТ)-0№024657

Пациент мониторы, орындалуы: Р18

Guangdong Biolight Meditech Co.,Ltd., Қытай

Р80В0001398

5.

ҚР МБ (МТ)-0№024657

Пациент мониторы, орындалуы: Р18

Guangdong Biolight Meditech Co.,Ltd., Қытай

Р80В0001399

6.

ҚР МБ (МТ)-0№024657

Пациент мониторы, орындалуы: Р18

Guangdong Biolight Meditech Co.,Ltd., Қытай

Р80В0001400

 

 

Согласовано

23.02.2026 10:32 Раймкулова Гаухар Ушкемпиркызы

23.02.2026 11:36 Мәлік Перизат Мұхтарқызы

23.02.2026 18:13 Мукатаева Жанна Адильхановна

26.02.2026 07:58 Байтубаев Еркебулан Нургалиевич

Подписано

26.02.2026 10:26 Джусипов Бауыржан Алишерович

Дата публикации
10 марта 2026