№ 90-НҚ от 09.02.2026

«ГЛИТЕЙК (Тейкопланин), вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат еріткішімен жиынтықта – инъекцияға арналған су, 400 мг» дәрілік затының тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына және 259-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген), БҰЙЫРАМЫН:

  1. «ГЛИТЕЙК (Тейкопланин), вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат еріткішімен жиынтықта – инъекцияға арналған су, 400 мг», ҚР-ДЗ-5№020987, тіркеу куәлігінің иесі «Киевмедпрепарат» ЖАҚ, Украина, балк-өнім дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылсын.

  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жазбаша (еркін нысанда) Комитеттің аумақтық бөлімшелерін, дәрілік заттың тіркеу куәлігінің иесін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын хабардар етсін.

  3. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:

  1. облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарды (құзыреті шегінде) жазбаша (еркін нысанда) хабардар етуді;

  2. бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: «Торговый дом Фармамед» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № ЗТ-2026-00193325 өтініші.

 
 
Дата публикации
26 февраля 2026