Ақпарат үшін!
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті» РММ – і Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті төрағасының м.а. 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 402-НҚ «Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы» бұйрығына сәйкес:
-«ПОЛЬФАРМА» АҚ фармацевтикалық зауыты Нова Дембадағы өндірістік бөлім, Польшада өндірінген № ҚР-ДЗ-5№025959 «Дапаглисан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 5 мг» және № ҚР-ДЗ-5№025958 «Дапаглисан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 10 мг» дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуы тоқтатылғанын назарыңызға жеткізеді.
Негіздеме: Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 7119-24-00-2/12110 анықтамасы және Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның хатымен 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 2-010346-24-75573 жіберілген дәрілік заттарды тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтата тұруды келісу туралы 2024 жылғы 18 қыркүйектегі шешімі.