ШҚО бойынша фармацевтикалық
қызмет саласындағы бөлшек
және көтерме сауда
ұйымдарының басшыларына
Ақпарат үшін! Аса маңызды!
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті» РММ – і (әрі қарай-Депаратамент) 2024 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Т.Б. Дүйсенованың дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау мәселелері жөніндегі хаттамасының 4-тармағының, 4-тармақшасын орындау мақсатында және Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының шығ.№ СК-1285,31,8 хатының негізінде дәрілік заттармен медициналық бұйымдарды бөлшек және көтерме саудада өткізу субъектілерінің (дәріханалардың) дәрілік заттарға шекті бағаларды сақталуы бойынша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 тамыздағы № ҚР ДСМ-94 «Дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағаларын, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек және көтерме саудада өткізу субъектілері (дәріханалар) дәрілік заттардың шекті бағасын сақтауға міндетті.
Осыған орай, Департамент тарапынан дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек және көтерме саудада өткізу субъектілері арасында (дәріханалар бойынша) әлеуметтік желілер және басқа да желілер арқылы дәрілік заттардың бағасына мониторинг жүргізіліп жатқандығын хабарлайды.
Дәрілік заттарға белгіленген шекті бағаларды асырып жіберген жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 5 шілдедегі No 235-V Заңының 426-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын естеріңізге саламыз:
-Дәрiлiк заттарды, медициналық бұйымдарды тіркеу және қайта тіркеу, өндiру, дайындау және олардың сапасын бақылау, сынау (зерттеу), әкелу, сатып алу, тасымалдау, сақтау, таңбалау, дәрілік заттарға белгіленген шекті бағаларды асырып жіберуді қоса алғанда, өткізу қағидаларын, сондай-ақ қолдану (пайдалану), қамтамасыз ету, жою, жарнамалау қағидаларын бұзу, егер бұл адамның денсаулығына зиян келтiруге алып келмесе, – жеке тұлғаларға – жетпіс, лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Басшының м.а. Н.А. Кунапьянова
Келіс.: М.Ж. Жусупов
М.Ж. Рахимжанова
Орынд.:Ә.Болат
Тел.: 61-81-00