«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық
және фармацевтикалық бақылау Комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Департаменті» РММ – і(әрі қарай-Департамент) Сізге Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау
Комитет төрағасының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 82-НҚ «Дәрілік заттар
және медициналық бұйымдардың сериялары (партиялары) тоқтата тұру
туралы» бұйрығының қосымшасында көрсетілген дәрілік заттар және медициналық
бұйымдардың сериялары (партиялары) тоқтатылғанын назарыңызға жеткізеді.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы
субъектілер хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде
медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-155/2020 бұйрығымен
бекітілген Жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен
медициналық бұйымдарды, жалған және Қазақстан Республикасы заңнамасының
талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар мен медициналық
бұйымдарды жою қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу тізілімінде № 21533 болып тіркелген) 4-тармағына сәйкес Қазақстан
Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сериясы (партиясы) тоқтата
тұрылған медициналық бұйымды зертханалық сынақтардың нәтижелерін
алғанға дейін арнайы бөлінген сақтау орнына орналастырсын.
Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау
ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2024 жылғы 27 ақпандағы № 26-14-245/И хаты.
Қосымша:парақта.
Дата: 04.05.2024 15:32. Копия электронного документа. Версия СЭД: Documentolog 7.20.1. Положительный результат проверки ЭЦП
Басшы А.С. Кусатаева