«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық
және фармацевтикалық бақылау Комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Департаменті» РММ – і Сізге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің
төрағасының 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 136-НҚ ««Дәрілік заттар және
медициналық бұйымдардың сериялары (партиялары) тоқтата тұру туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және
фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2024 жылғы 19 сәуірдегі №
82-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, «Халық
денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы
Кодексінің 10-бабының 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР
ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық
бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды
шектеу қағидалары 13-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген) негізінде «Дәрілік заттар және
медициналық бұйымдардың сериялары (партиялары) тоқтата тұру туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және
фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 82-НҚ
бұйрығымен бекітілген тоқтатыла тұруға және айналыстан алуға жататын дәрілік
заттар және медициналық бұйымдардың серияларының (партияларының) тізбесінде
реттік нөмірлері 24 және 25-жолдар алып тасталды.
Негіздеме: «Аббот Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің № ЗТ-2024-03589261 өтініші және 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 107 хаты және Комитеттің
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ
РМК-ның 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 15-05-699/1218 хаты.
Қосымша 21 парақта, мемлекеттік және орыс тілдерінде.
Дата: 04.05.2024 16:50. Копия электронного документа. Версия СЭД: Documentolog 7.20.1. Положительный результат проверки ЭЦП
Басшының м.а. Н.А. Кунапьянова