«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық
және фармацевтикалық бақылау Комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Департаменті» РММ – і Сізге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің
төрағасының 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 132-НҚ «Клопидогрел ШТАДА, үлбірлі
қабықпен қапталған таблеткалар, 75 мг дәрілік заттың тіркеу куәліктерін кері
қайтарып алу және айналыстан алу туралы» бұйрығына сәйкес, келесі дәрілік
заттың тіркеу куәлігі кері қайтарылғанын және айналыстан алынуға жататынын
ақпарат ретінде хабарлайды:
- Хемофарм А.Д. Вршац, Шабац алаңы, Сербия өндірушісі «Клопидогрел
ШТАДА, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 75 мг» ҚР-ДЗ-5№024469.
Негіздеме: «STADA Kazakhstan» ЖШС-ның 2024 жылғы 29 ақпандағы
шығ.№ 48-РК/2024 хаты.
Басшы А.С. Кусатаева