Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің
01.07.2023 жылдан 31.03.2024 жылға дейінгі кезеңдегі қызметіндегі
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
1.Мемлекеттік органның атауы
- «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Басшының орынбасары Нургуль Асымкановна Кунапьянова 14.04.2021 ж. №6 н/қ бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды ұйымдастыруға, үйлестіруге және жүргізуге жауапты тұлға болып табылады.
Департаментте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 01.07.2023 ж. бастап 31.03.2024 ж. дейінгі кезеңде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін Департаментте 26.02.2024 жылғы № 85 н/қ бұйрығына сәйкес қызметкерлер қатарынан жұмыс тобы құрылды.