«Флуитарг, шәрбат, 3,54 мг/мл дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы»

Ақпарат үшін!
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық
және фармацевтикалық бақылау Комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Департаменті» РММ – і Сізге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің
төрағасының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 113-НҚ «Флуитарг, шәрбат, 3,54 мг/мл
дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу
туралы» бұйрығына сәйкес, келесі дәрілік заттың тіркеу куәлігі кері қайтарылғанын
және айналыстан алынуға жататынын ақпарат ретінде хабарлайды:
- Замбон С.П.А., Италия өндірушісі, «Флуитарг, шәрбат, 3,54 мг/мл» ҚР-ДЗ5№019257.
Негіздеме: Zambon S.P.A., Италияның 2024 жылғы 22 наурыздағы хаты.
Басшы А.С. Кусатаева

Дата публикации
20 апреля 2024