«Годасал®, таблеткалар, 100 мг дәрілік заттың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы»

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық
және фармацевтикалық бақылау Комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Департаменті» РММ – і Сізге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитет
төрағасының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 83-НҚ «Годасал®, таблеткалар, 100
мг дәрілік заттың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және айналыстан алу
туралы» бұйрығына сәйкес «Годасал®, таблеткалар, 100 мг», өндірушісі Dr. Pfleger
Arzneimittel GmbH, Германия, ҚР-ДЗ-5№020249 тіркеу куәліктері кері
қайтарылғанын және айналыстан алынғанын назарыңызға жеткізеді.
Негіздеме: Dr. Pfleger Arzneimittel GmbH-тің 2024 жылғы 28 ақпандағы №
08/24 хаты.


Басшы А.С. Кусатаева

Дата публикации
29 марта 2024