«Медициналық бұйымдардың сериялары (партиялары) тоқтата тұру туралы»

Ақпарат үшін!
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық
және фармацевтикалық бақылау Комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Департаменті» РММ – і(ары қарай-Департамент) Сізге Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау
Комитетінің төрағасының 2024 жылғы 5 наурыздағы № 70-НҚ «Медициналық
бұйымдардың сериялары (партиялары) тоқтата тұру туралы» бұйрығына
сәйкес, зертханалық сынақтардың нәтижелерін алғанға дейін № ҚР-МБ (ММБ)-0№023901 «Бір рет қолданылатын, стерильді, полиуретаннан жасалған
BURNSHIELD күйікке қарсы таңғышы: өлшемі: 100мм х 100мм.» Бэрншилд (Пти)
Лтд, Оңтүстiк Африка Республикасы, сериясы 5999, 07.2027 ж. дейін жарамды, 3500
қапт. және ҚР-ММБ-5№003238 «Бір рет қолданылатын, стерильді, Юнона
аспирациялық гинекологиялық түтігі, диаметрі 6 мм.», Симург Медицинское
предприятие ЖАҚ, Беларусь, сериясы 2023-11, 11.2026 ж. дейін жарамды, 1200 қапт
медициналық бұйымдардың серияларын (партияларын) тоқтата тұрылғанын
хабарлайды.
Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау
ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2024 жылғы 21 ақпандағы № 26-14-219/И және
2024 жылғы 27 ақпандағы № № 26-14-245/И хаты.
Басшы А.С. Кусатаева

Дата публикации
11 марта 2024