«Левофта Уно, көзге тамызатын дәрі, 0,05% дәрілік заттың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы»

Ақпарат үшін!
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық
және фармацевтикалық бақылау Комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Департаменті» РММ – і(ары қарай-Департамент) Сізге Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау
Комитетінің төрағасының 2024 жылғы наурыздағы № 65-НҚ «Левофта Уно, көзге
тамызатын дәрі, 0,05% дәрілік заттың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу
және айналыстан алу туралы» бұйрығына сәйкес, келесі дәрілік заттың тіркеу
куәлігі кері қайтарылғанын және айналыстан алынуға жататынын ақпарат ретінде
хабарлайды:
- Шовен лабораториясы, Франция өндірушісі, «Левофта Уно, көзге тамызатын
дәрі, 0,05% г» ҚР-ДЗ-5№024813.
Негіздеме: «Бауш Хелс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2024 жылғы 6
ақпандағы № 06.02.2024 хаты.


Басшы А.С. Кусатаева

Дата публикации
11 марта 2024