Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызметтер саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің 2023 жыл бойынша атқарылған қызметі туралы ақпарат
(GXP) Тиісті фармацевтикалық практикасына сәйкестігі бойынша жүргізілген инспекциялар бойынша ақпарат
2023 жылдың 12 айында фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің GxP талаптарына сәйкестікке өтініш келіп түсті:
- GPP талаптарының сәйкестігіне инспекция жүргізуге түскен өтініш – 15, инспекция жүргізілді – 15, GPP талаптарына сәйкестігіне сертификат берілді – 11, беруден бас тартылды – 0, жұмыста – 5;
- GDP талаптарының сәйкестігіне инспекция жүргізуге түскен өтініш – 0, инспекция жүргізілді – 2, GDP талаптарына сәйкестігіне сертификат берілді – 0, беруден бас тартылды – 0, жұмыста-1;
- GMP талаптарының сәйкестігіне инспекция жүргізуге түскен өтініш – 0, инспекция жүргізілді - 0, GMP талаптарына сәйкестігіне сертификат берілді – 0, беруден бас тартылды – 0, жұмыста – 0.
ШҚО бойынша тиісті фармацевтикалық практикаларға сәйкестік сертификаттарының барлығы 20 ұстаушысы бар:
- GРP сертификаты (тиісті дәріхана практикасы) – 13 объект, объектілердің жалпы санынан ұстаушылардың пайызы 3,53%;
- GDP сертификаты (тиісті дистрибьюторлық практика) – 7 объект, объектілердің жалпы санынан ұстаушылардың пайызы 50%,
- GMP сертификаты (тиісті өндірістік тәжірибе) – 0 объект, нысандардың жалпы санынан ұстаушылардың пайызы 0 %;
Фармацевтикалық қызмет саласында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
2023 жылдың 1 жартыжылдығында фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімімен 678 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
56 – фармацевтикалық қызметке лицензиялар және (немесе) қосымшалар берілді;
11 – беруден бас тартылды, бас тарту пайызы 16,4%;
13 – ЕқПзП айналымы саласындағы қызметке лицензиялар және (немесе) қосымшалар берілді;
2 – беруден бас тартылды, бас тарту пайызы 13,3 % құрайды;
0 – Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге/әкетуге келісуге рұқсаттар берілді (2022 ж. 12 айында - 0);
4 – беруден бас тартылды, бас тарту пайызы 100% құрайды;
461 – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификаты берілді;
131 – беруден бас тартылды, бас тарту пайызы 22,2% құрайды.
Сонымен қатар, есепті кезеңде 148 дәлелді бас тарту жіберілді. Бас тартуға негіз болды:
10 – көрсетілетін қызметті алушылардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
131 – құжаттардың толық емес пакеті;
1 – толтырулар туралы толық емес және дұрыс емес ақпарат мәліметтер нысаны;
4 – мемлекеттік органның құзыреттілігіне кірмейтін өтініштер;
2 – Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісілмегені.
Есепті кезеңде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзу фактілері (мемлекеттік қызметтер көрсетуге шағымдар, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша мерзімі өткен және т.б.), мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша мерзімі өткен – 0.