2021 жылдың 12 айы бойынша 8922 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде берілгені – 6105, бас тартылғаны – 2817;
Барлық көрсетілген 8922 мемлекеттік қызметтің -
1) клиникалық тәжірибеге рұқсат үшін маман сертификатын беру – 8272, оның ішінде берілгені - 5780, бас тартылғаны- 2492;
2) медициналық қызметке лицензия мен қосымша беру – 650, оның ішінде берілгені - 325, бас тартылғаны- 325;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын бұзу фактілері тіркелмеді. Мемлекеттік қызмет сапасы туралы шағымдар болмады. Қызмет алушыларының құқықтары бұзылмады. 2021жылдың 12 айы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетудің нормативтік мерзімдері бұзылған жоқ. Барлық қызметтер «E-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорының ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылды.
Бөлім басшысы С.Мукатаев