Көтерме және бөлшек саудада дәрілік заттардың бағасын реттеу

 Шығыс Қазақстан облысының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізудің барлық субъектілеріне

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті» РММ (бұдан әрі - Департамент) бәсекелестікті дамыту жөніндегі бекітілген Жол картасына қатысты көтерме және бөлшек саудада өткізетін дәрілік заттарды бағалық реттеуден кезең-кезеңімен бас тарту көзделгені туралы ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің 2024 жылдың 14 ақпандағы шығ.№25/504 хатына сәйкес келесіні хабарлайды.

- Бірінші кезеңде 2023 жылдың басынан бастап бәсекелестік ортаға 3-тен астам баламасы және 3-тен астам өндірушілері бар рецептісіз дәрілік заттардың 302 атауы жіберілді.

- Екінші кезеңде 2024 жылы рецептісіз дәрілік заттардың барлығын босату жоспарланған болатын, бірақ барлық рецептісіз дәрілік заттардың (1768 ДЗ атауы, көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағалық реттеуге жататын дәрілік заттар тізбесінің жобасы ҚРДСМ Стратегиялық комитетінің отырысында қаралып, шешім қабылданды (2023 жылғы 5 желтоқсандағы №28/1 хаттама):

- 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 900-ге жуық рецептісіз ДЗ (бір ХПА шеңберінде 2-ден астам аналогы және өндірушілері бар) шығару;

- 2024 жылдың екінші жарты жылдығында барлық рецептісіз ДЗ босатылсын.

 

 

Басшы                                                                                                      Кусатаева А.С.

 

 

Дата публикации
28 февраля 2024