Ақпарат үшін!
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық
және фармацевтикалық бақылау Комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Департаменті» РММ – і Сізге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитет
төрағасының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 444-НҚ «RentschlerBiopharma SA.
Германия өндірісінің Карзиба (Динутуксимаб) инфузияға арналған ерітінді
дайындауға арналған концентрат 20 мг/4,5 мл дәрілік затын «FARM ZS»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге қорытындының және (немесе) рұқсат беру құжатының
қолданысын тоқтата тұру туралы» бұйрығына сәйкес, RentschlerBiopharma SA.
Германия өндірісінің Карзиба (Динутуксимаб) инфузияға арналған ерітінді
дайындауға арналған концентрат 20 мг/4,5 мл дәрілік затын «FARM ZS»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген 2023 жылғы 8 қыркүйектегі
№KZ11VBY00057165, 2023 жылғы 8 қыркүйектегі №KZ81VBY00057166 Қазақстан
Республикасының аумағына әкелуге қорытындының және (немесе) рұқсат беру
құжатының қолданысы тоқтата тұрылғанын мәлімет ретінде хабарлайды.
Негіздеме: 2023 жылғы 1 қарашаның «FARM ZS» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің хаты.
Басшы А.С. Кусатаева